Sailau banner

Қоғам

Әдеп жөніндегі кеңесте басшылық лауазымға ие қос азаматқа қатысты тәртіптік іс қаралды

Бүгін облыстық мәслихатта әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында 2 мәселе қаралды. Олар: Қызылжар аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Елдар Закирин мен қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасарына қатысты. Біреуі мемлекеттік қызметке қайшы әрекет жасаса, екіншісі қоғамдық тәртіпті бұзған. Екі шенеунікке де қатаң сөгіс жариялау ұсынылды. Енді тағы бір рет аяқтарын шалыс басса, жұмыстан босатылады. Бұл туралы толығырақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті басқармасының бас маманы Дархан Ермеков баян етті.

ДАРХАН ЕРМЕКОВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының бас маманы:

– Басшы ҚР ҚК 50-ші бабының 1-ші тармағы бойынша заң бұзды. Яғни, белгісіз себептермен тендерді ұтып алған кәсіпкермен келісімшарт жасасудан бас тартқан.

 

Нұрасыл Ахмет