ТКШ

2-жылу электр орталығындағы жаңа мұржаның құрылысы кестеге сай жүргізілуде

Аққайыңдар өлкесінде қысқы кезеңге қызу дайындық жүргізіліп жатыр. Бүгінде өңірге көмір кесте бойынша жеткізілуде. Бұл тұрғыда мәселе жоқ. Сандарды сөйлетсек, бюджеттік ұйымдардың 86% қара отынмен қамтылған. Ал халықтың дайындығы 41% құрайды. Осы және өзге де ақпармен өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаев бөлісті. Кездесуде 2-жылу электр орталығындағы жаңа мұржаның құрылысы туралы да айтылды.

ДАНИЯР ҚУАНЫШБАЕВ, СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:

– Петропавлдағы 2-жылу электр орталығындағы жағдай қалыпты. Бүгінде мұржаның 30 метрі тұрғызылды. Бұл – негізгі кезең. Яғни, қиындық артта қалды десек болады. Әлі 150 метр көтереміз. Маңызды жұмыс кесте бойынша жүргізіліп жатыр. Артта қалу байқалмайды. Жоспар бойынша мұржаның құрылысы келер жылы аяқталады.

 

Байболат Құлтанов