Sailau banner

Қоғам

Қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Облыс орталығында қала әкімінің қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» шарасы өткізілді. Оған қалалық әкімдіктегі бүкіл бөлім қызметкерлері қатысты. С.Мұқанов атындағы кітапхананың дәлізінде ұзын-сонар кезек құрылған. Көбінесе қарт адамдар келіпті.

Галина Носова саяжайын іздеп келіп отыр. Оның “Веснянка” қауымдастығынан 26 жыл бұрын алған бау-бақшасын
жер қатынастары бөліміндегілер басқа жандардың атына аударып жіберген.

ГАЛИНА НОСОВА, қала тұрғыны:

– Мен бұл саяжайға жылда жеміс-жидек егемін. Шілде айында бір жас ерлі-зайыпты келіп тұр. Осы учаске электронды түрде біздің атымызға рәсімделген деді. Мені көріп таң қалды. Мұнда ешкім тұрмайды деп ойлаған көрінеді. Мән-жайды білу үшін әкімдіктегі бейінді бөлімге бардым, ондағылар осында жіберді.

Галина Носованың мәселесін талқылау ерте жалғасын табады. Бүгін Серік Мұхамедиев барлығы – 50-ге жуық адамды қабылдады. Көбін толғандырған түйткіл – пәтер кезегінің жылжуы.

 

Анель Шаяхметова