Sailau banner

Спорт

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық жебелер қолданылмақ

Астанада өтетін ойындарға санаулы күн қалды. Қазіргі таңда дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама мүшелері дайындықты пысықтауда. Аталмыш спорт түрі бойынша 35 елден 200-ден астам спортшы бақ сынайтын болатын. Айта кететін жайт, әлем жұрты көз тіккен сайыста қазақстандық жебелер қолданылатын болады. Осы уақытқа дейін құралдардың басым бөлігі Түркия, Мажарстан және Ресей елдерінен алдыртылған. Кейінгі жылдары еліміздегі өндіріс те жолға қойыла бастады. Алдағы Көшпенділер ойындарына отандық өнім “Алтын жебе” атты кәсіпорын шығарған оқтар пайдаланылады. Дүбірлі додаға 2 мыңнан аса жебе дайындалған.