Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Төңіректің тынышын қашырған орталық иесі жауапқа тартылды

Әлеуметтік желі арқылы әлеуметтің мәселесі шешілді! Петропавлда тәулік бойы жұмыс істейтін автосервис төңіректегі тұрғындардың әбден мазасын қашырған. Әсіресе түнгі уақытта теріскейліктерді тістендіріпті. Амал таусылған жерлестеріміз қолға телефон алған. Олар өндірістік шу мен музыка естілетін видео жазып, Instagram арқылы көпшілікке ұсыныпты. Мұны полиция қызметкерлері көреді. Тәртіп сақшылары орталық иесімен кездесіп, мән-жайды түсіндіріпті. Жыл басынан бері құқық қорғаушылар тыныштықты бұзу бойынша 1369 хабарламаға жауап берді. Оның ішінде 1089 жайт Петропавлда тіркелген.

 

Байболат Құлтанов