Тайыншада жаға ұстатарлық жағдай болды. 41 жастағы ер адам мен 12 жасар жиенін түнде үйге кіріп келген біреулер скотчпен байлап, тонап кеткен. Белгісіз төртеу үйдегі бар ақшаны, екі ұялы телефон мен алтын бұйымдарды алып кеткен. Келтірілген залал сомасы шамамен 640 мың теңгені құрап отыр. Шабуыл жасағандар үйден шығып кеткеннен кейін бала қолындағы скотчты тіспен жыртып тастап, босап алған соң бірден учаскелік полиция инспекторына жүгірген. Бір қызығы, оның үйі жақын жерде болған екен. Одан қаймықпаған күдіктілер ұсталды.
МӘДИНА ЕРҒАЛИЕВА, СҚО ПД баспасөз хатшысы:
– Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысының 30 бен 38 жас аралығындағы төрт күдікті тұрғындары анықталып, Астана қаласының аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта айыпталушының үшеуі қамауға алынды. Ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленіп, тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Мәдина Қаби