Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Полицейлер пробация қызметінде тіркеуде тұрғандарды тексеріп жатыр

Пробация қызметінде тіркеуде тұрғандар – қатаң бақылдауда. Кеше қалалық ПБ мамандары есепте тұрған жандарды тексерді. Іс-шара “Есепте тұрғандар” акциясы аясында ұйымдастырылды. Ең алдымен тәртіп сақшылары ведомство алдына жиылды. Содан соң әрбіреуі өзіне берілген учаскеге барды.

ЭЛЬМИРА МҰҚЫШЕВА, қалалық пробация қызметінің аға инспекторы:

– Акция барысында 810 адамды тексердік. 22 адам жаза өтеу тәртібін бұзды. Біз тексеріп қана қоймай, олармен профилактикалық әңгімелесулер өткіземіз. Іс-шара құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Сотталған азамат әкімшілік-аумақтық учаскеден ешқайда шықпай, тұрғылықты мекен жайынан кетпеуі керек. Егер аяғын шалыс басса, қоғамнан аластатылып, жазасын түрмеде өтейтін болады.

Тәртіп сақшылары ең алдымен Интернационал көшесі, 64 мекенжайына барып, есепте тұрған жанмен кездесті. Азамат ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша істі болған. Ол жазасын бір жарым жыл бойы шартты түрде өтейтін болады. Жұмыс істейді. Полицейлер онымен тілдесу барысында алдағы уақытта заң бұзатын болса, қатаң жазаланатынын ескертті.

Айта кету керек, “Есепте тұрғандар” профилактикалық іс-шарасы тамыздың 22-сіне дейін жалғасады.

 

Нұрасыл Ахмет