Sailau banner

Қоғам

Өңірлік кадрлық резервке іріктеу аяқталды

Бүгін облыс орталығында өңірлік кадрлық резервке іріктеудің 4-ші кезеңі өтіп жатыр. Барлығы – 120 адам өтініш білдірген. Соңғы кезеңге оның 34-і ғана жеткен.

АСҚАР БАЙМҰҚАНОВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

– Қазіргі уақытта үміткерлеріміз өз жобаларын комиссияға көрсетіп жатыр. Жобаның осы кезеңнің нәтижелері бойынша 20 қатысушыны өңірлік кадр резервіне қабылдайды. Қабылдағаннан соң, екі жыл ішінде үздіктеріміз жергілікті атқарушы органдардың жоғары лауазымға конкурссыз тағайындалады.

Негізі, іріктеу 4 кезеңнен тұрады. Сан салаға байланысты бірнеше бағыт белгіленген. Әлеуметтік бағытта жоба жазған жандар қазір ой-ұсыныстарын қорғап жатыр. Бұл кезеңде олардың білімінің кеңдігі, аналитикалық ойлау және коммуникативтік қарым-қабілеті бағаланады.

120 адамның ішінен 4-ші кезеңге жеткен жастардың бірі – Гүлмира Садырова. Нәзікжанды жобасын мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту тақырыбына арнаған.

ГҮЛМИРА САДЫРОВА, СҚО ішкі саясат басқармасының бас маманы:

– Жобам «Инклюзивті мектеп» деп аталады. 01:04-01:34 Жоба бойынша біз 25 адамды іріктейміз және олар мектеп бағдарламасы бойынша емес, өздерінің мамандықтары бойынша білім ала алады. Оның ішінде: видеомонтаж, SMM, таргет курстарын таңдай алады.

Кадрлық резервке өту жолында үміткерлер заң бойынша тестілеуге қатысты, сондай-ақ олардың жеке қасиеттері мен жұмыс істеу қабілеттері бағаланды. 4-ші кезеңнен кейінгі нәтижелері тамыздың 26-сы белгілі болады.

 

Анель Шаяхметова