Спорт

Облыс орталығында биатлоннан ҚР жазғы чемпионаты бастау алды

Шапшандық пен мергендік сыналатын сайыс. Бүгін Петропавл қаласының Борки кентінде жастар арасында биатлоннан ҚР жазғы чемпионаты бастау алды. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100-ге жуық ұл-қыз қатысты.

Дүбірлі дода тамыздың 25-не дейін жалғасады. Сайыста жігіттер 1200 метрге жүгірсе, қыздар 1000 метрді бағындырулары тиіс. Содан соң қыз-жігіттер 50 метр жерден 5 нысананы пневматикалық винтовкамен атады.

ЖАНБОЛАТ МҰСТАФИН, биатлоннан мемлекеттік жаттықтырушы:

– Сіздердің қалаларыңыза мұндай сайыстар жиі өтеді. СҚО- қысқы спорт түрлері бойынша еліміз бойынша алғашқы орында. Жарыста жеткіншектер 4 жас санаты бойынша бақ сынайды.

Чемпионатқа қатысып жатқан жігерлі жастардың барлығы жеңістің биік тұғырынан көрінгісі келеді. Соның бірі – Әзім Жарасбек. Биатлонмен айналысып жүргеніне 4 жыл болыпты. Осы спорт түрімен айналысуына ата-анасы себеп болған. Болашақта Владимир Смирнов сияқты Олимпиада чемпионы болғысы келеді екен.

ӘЗІМ ЖАРАСБЕК, жарысқа қатысушы, ШҚО:

– Жарысқа тек 1-ші орын алу үшін келдім. Осы күнге дейін республикалық жарыстарда талай жүлде алғанмын.

Айта кету керек, чемпионаттың келесі кезеңі Щучинск қаласында өтеді.