Sailau banner

Экология

СҚО-да браконьерлер artemia salina-ның «рекордтық» партиясымен ұсталды

СҚО-да құқық қорғау органдарының қызметкерлері artemia salina шаянын рекордтық мөлшерде заңсыз аулаудың жолын кесті. Мамандар Қызылжар ауданының аумағында «КамАЗ» көлігінің жүк көлігінен шаян цисталарына толы 260 қап тәркіледі. Тағы 242 қап Бескөлдегі қоймадан шыққан. Күдікті екеу. Бірі – 35 жастағы тайыншалық, екіншісі – 29 жастағы Петропавл тұрғыны. Екеуі де бұрын бұзақылық пен ұрлық жасағаны үшін сотталған. Artemia salina-ны рұқсат құжаттарынсыз өндіру Тайынша ауданындағы Қалыбек тұзды көлінде жүргізілген.

АСҚАР МҰХАМЕТҚАЛИЕВ, СҚО ПД бастығының орынбасары:

– Алынған artemia salina цисталарының жалпы салмағы 24 тоннаны құрады. Бұл – облыс аумағында алынған ең ірі көлем. Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚК 335-бабына сәйкес күдіктілер 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.