Sailau banner

ТКШ

Петропавлда жылу тарифі өзгеруі мүмкін

Қақаған қыстың қарсаңында Қызылжарда жылу тарифі өзгеруі мүмкін. Жақында «Севказэнергосбыт» серіктестігі белгіленген соманы көтеру бойынша бейінді департаментке өтініш білдіріпті. Бүгін жария тыңдалым өтіп жатыр. Алқалы жиында тараптар мәселеге кеңінен тоқталды, жан-жақты пікір алмасты.

ДАМИР ТОҚТАМЫСОВ, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Ұсынылған жобаға келсек, Петропавлда тұрғындар үшін жылу 11 пайызға қымбаттауы мүмкін. Ал бюджеттік ұйымдар мен өзге тұтынушылар үшін 3 пайызға артуы ықтимал.

«Севказэнергосбыт» серіктестігі петропавлдықтарға қызмет көрсетеді. Бүгінде 80 мыңға тарта абоненті бар.

ДАМИР ТОҚТАМЫСОВ, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Жария тыңдалым – соңғы шешім қабылданатын жер емес. Біз әлі талдау жасаймыз. Егер ұсыныс орынды болса, өзгеріс ағымдағы айдың соңында орын алады.

Айта кетейік, жергілікті «Севказэнергосбыт» серіктестігінің өтініші бойынша Петропавлда жылу тарифі соңғы рет ағымдағы жылдың қаңтар айында өзгерген.

 

Байболат Құлтанов