Sailau banner

ТЖ

Өңірде өрт қауіпсіздігі бойынша айлық бастау алды

Науқан бір ай бойы жалғасады. Өйткені, жылыту маусымы жақын қалды. Тұрғындар пеш жағуға кіріседі. Пешті пайдаланудың да ережелері бар екенін ұмытпау керек. Көп жағдайда оқыс оқиғалар осы күз бен көктем арасында жиілейді екен. Жалпы, облыста жыл басынан бері 63 өрт болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26 пайызға аз болса да адам өлімі тіркеліпті: 6 адам қаза тапқан. Оның екеуі – жұмыссыз жүргендер, 3-еуі – зейнеткер, біреуі – кәсіпорын қызметкері. Тілсіз жаудан келген материалдық шығын 2 млн теңгеге жуықтайды.

ЕРЖАН ШӘРІПОВ – СҚО ТДЖ басқармасының бастығы:

– Биыл өрттен қаза тапқан адам саны былтырғыға қарағанда артты. Өткен жылы 5 адам қаза тапқан болатын. Ағымдағы жылы тіркелген өрттердің басым бөлігі электр құрылғыларын жөндеу және пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан туындаған. Пешті дұрыс пайдаланбаудың салдарынан 17 оқиға тіркелді.

Мамандар тұрмыстық электр құрығыларын дұрыс қолданбау себепші болған жайттар 2 есе өсті дейді. Барлығы – 63 өрттің 45-і жер үйде болған. Сондай-ақ, 12 өрт 9 сауда нысаны мен 3 өндірістік орында тіркелген. Одан келген материалдық шығын 765 мың теңгені құрайды.

 

Анель Шаяхметова