Sailau banner

Ауыл шаруашылығы

Өңірде ауыл шаруашылығы санағы басталды

Бүгін Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы басталды. Пилоттық жобаға еліміздің түкпір-түкпіріндегі 54 елді мекен кірген. Арасындағы 3-еуі аққайыңдар өлкесінде орналасқан. Олар әртүрлі статусқа ие.

МАРАЛ РЫСКЕЛДІҚЫЗЫ, Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

– Петропавл қаласы көрсетілді. Аудан орталықтарынан Бескөл ауылы таңдалды. Мұнда 2 жұманың ішінде 1 мың жер үйге кіру керек. 3 маман бекітілді. Аудан орталығы жақын орналасқан, мамандарымыз күнде қатынайтын болады.

Ал таңдалған үшінші елді мекен – Айыртау ауданындағы Сырымбет. Тарихы тереңде жатқан ауылда бүгінде 100-ден астам үй бар. Мамандар олардың әрқайсысына кірмек, тұрғындармен тілдеспек.

МАРАЛ РЫСКЕЛДІҚЫЗЫ, Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

– Бірінші кезекте адам саны сұралады. Малдың түрі мен саны базаға түседі. Техника да назарсыз қалмайды. Жер болса не отырғызылатындығы анықталады. Мысалы, бізге ЖШС мен ШК ай сайын есеп береді. Ал халықта не барын білмейміз.

Сонымен қатар, мамандар ауылдардағы жағдайды да арнайы базаға енгізеді. Жұмыс ауқымды. Бекітілген қызметкерлер қыркүйектің соңына дейін тер төгеді. Айта кету қажет, маңызды іспен саусақпен санарлық жерлесіміз айналысады. Оларды адамдар оңай тани алады.

МАРАЛ НҰРЖАУЫПОВА, Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

– Пилоттық санаққа департаменттен 6 адам қатысады. Оларға осындай бэйдж әзірленді.

Санақ кезінде алаяқтар арам ойларын жүзеге асырып кетуі мүмкін. Бұған жол бермес үшін мамандарға қосымша дүниелер тапсырылыпты. Соған әр теріскейлік назар аударғаны абзал.

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:

– Біздің департамент өз қызметкерлеріне осындай сөмке ұсынған – Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік орган. Оның ішінде тиісті құжаттар, қағаздар бар. Сонымен қатар, ысқырықты көзіміз шалды. Онымен мамандар қауіп төнген жағдайда ысқырып, дабыл қаға алады. Тағы жарық құрылғысы салынған. Қараңғы уақытта өте қажет дүние.

Бұл – сынақ санағы. Келесі жылы тағы бір науқан өтеді. Онда елдегі барлық елді мекен қамтылады. Жиналатын ақпар не үшін қажет? Статистик мамандар сандарға сүйеніп, кем-кетікті жария етеді.

 

Байболат Құлтанов