Sailau banner

Білім

Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері тексеріспен Айыртау ауданында жүр

Солтүстік Қазақстан облысына Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева бастаған топ келді. Басты мақсат – өңіріміздегі колледждердің тыныс-тіршілігімен танысу және ауыл колледждерін дамытудағы атқарылған жұмысты қарау. Білікті мамандар ең алдымен Айыртау ауданына қарасты Лобаново ауылындағы “Зейнеп” жоғары көпсалалы колледжіне барды. Білім ордасы 2022 жылы қолданысқа берілген. Нысанның ашылуына 405 млн теңге жұмсалған екен. Аталған орында студенттер 15 бағыт бойынша оқиды. Аймақ курорттық болғандықтан, басымдық туризм мен менеджмент саласына берілген.

АҚЗИРА ҚАСЫМОВА, ҚР Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры:

– СҚО-да 24 колледж бар. Оның 19-ы мемлекеттік, 5-еуі жекеменшік. Аты аталған білім орнын дамытуға “Almaty Managment University” зор үлесін қосты. Студенттер осы жоба арқылы Алматыға барып, оқи алады. Тиісінше онтүстікастаналықтар “Зейнеп” колледжіне келеді. Бұл- ауылдардың құрып кетпей, дамуына зор септігін тигізеді.

 

Нұрасыл Ахмет