Sailau banner

Қоғам

Облыстың құрылысшылары жоғары наградалармен марапатталды

Облыстық әкімдікте құрылысшыларға мемлекеттік наградалар табысталды. Отандық құрылыс саласындағы жемісті еңбегі, ел инфрақұрылымының дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен «ПМК-5» ЖШС директоры Кәрібай Шаяхин марапатталды. Ол құрылыс саласына өмірінің 40 жылға жуығын арнаған.

КӘРІБАЙ ШАЯХИН, «ПМК-5» ЖШС директоры:

– Біздің шаруашылық 2004 жылы ашылды. Сол біраз үйлерді істеп, Петропавлда мешіт істедік, 5 этажды үйлерді Ғабит Мүсірепов ауданында 12 үй жасадық. Бірақ жетістіктерім көп. Қарамағымда 50 адам бар. Біздің Президентімізге, облыстың әкіміне рахметімді айтамын. Біздің еңбегімізді ақтап, осылай сыйлап , құрметтеп жатқанына. Көп-көп рахмет.

Ал «Готика» ЖШС жобалық-өндірістік бірлестігінің директоры Ольга Прудовикова ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Бұл салада 42 жыл еңбек етіп келеді. Облыстағы бірқатар құрылыс нысандары аталған серіктестік жобасымен тұрғызылған.

ОЛЬГА ПРУДОВИКОВА, «Готика» ЖШС жобалық-өндірістік бірлестігінің директоры:

– Бүгін еңбегімді бағалап жоғары награда ұсынып отыр. Білімім, еңбегім, тәжірбием барлығы қаншама жылдық еңбектің нәтижесі. Әрине бұл менің ғана жеңісім емес. Біздің ұжымның еңбегі бағаланып жатқаны. Өте қуаныштымын. Президентке, облыс әкіміне алғысым шексіз.

Салтанатты жиын барысында «Ерен еңбегі үшін» медалі де өз иесін тапты. Ал «Құрметті құрылысшы» медалі облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қайролла Ғалеевке табысталды.

 

Мәдина Қаби