Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Айыртау ауданының білім беру саласында 50 млн теңге қаржы қолды болған

Білім беру саласындағы олқылықтар. Айыртау ауданының прокурорлары мектептер мен мектепке дейінгі орталықтарға тексеру жүргізген болатын. Нәтижесінде бірнеше ақша жымқыру фактісі тіркелді. Жымқырылған сома 50-млн теңгені құрайды. Айыпты бір қызметкер сот үкімі бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Қалғандары бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда. Тағы бірқатар олқылық анықталған.

МЕДЕТ КАФИЗОВ, Айыртау ауданының прокуроры:

– Тексеру барысында өртке қарсы қауіпсіздік, санитарлық нормалар, балалардың интернет желісінде тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділігі және басқа да құқықбұзушылықтар анықталды. Анықталған бұзшылықтар бойынша заңдылықты жою туралы ұсыныстар айтылды.

 

Нұрасыл Ахмет