Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Түнгі уақытта жолға шыққан жүргізушілер тексерілді

Жол-көлік оқиғасы түнде де орын алады. Жыл басынан бері аймақ жолдарында 231 апаттық жағдай тіркелген. Соның жартысынан көбі қараңғы уақытта болыпты. Осылардың барлығының салдарынан 21 адам қаза тауып, 315 адам жарақат алған. Ұсынылған ақпарға сүйенсек, жүргізушілер қалғып кеткен. Осының алдын алу үшін тәртіп сақшылары мен дәрігерлер кезекті рейд өткізді. Шара барысында рөл тізгіндеген жандар тексерілді.

– Соблюдаете? С нами, пожалуйста, давление измерим, в скорой.

РУСЛАН КУЧУМОВ, облыстық полиция департаменті патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары:

– Дәрігерлермен бірлесіп осындай акция өткізудеміз. Көбінесе ауыр жүк көлігінің жүргізушілерін тексереміз. Оған мыналар кіреді: қан қысымын өлшеу және автокөліктерінде алғашқы көмек көрсету қобдишаларының болуы. Біз осы арқылы жол-көлік оқиғаларын азайта аламыз деп ойлаймын.

 

Нұрасыл Ахмет