Sailau banner

Қоғам

Петропавлда 90-шы жылдар стиліндегі би кеші өтті

Би кеші алдын ала хабарланды. Жастық шақты еске алуға жиылған жандарға жаңбыр кедергі келтіре алмады.

ДАРИҒА СМАИЛОВА, “Ассамблея жастары” РҚБ СҚОФ төрағасы:

– Іс-шараның атауы – “90-шы жылдардағы би кеші”. Жоғары деңгейде өтеді деп сенімдемін. Өйткені, осы іс-шара екі жұмадай дайындалды.

Юрий Шатунов, «Ла́сковый май» және өзге де әншілер мен топтардың әндері қойылды. Туындыларға елітпеген жан болмады. Жастар да қалыс қалған жоқ.

ДАМИР ӘБДИН, қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы:

– Бүгін бүкіл қатысушы 90-шы жылдардағы киім үлгісімен келді. Үш үздік номинацияны таңдаймыз. Бұл – әйел және ер адамдардың образдары. Сонымен қатар, белсенді қатысушы анықталады. Жеңімпаздарға дипломдар, бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарын береміз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, би кешіне 600-ге жуық адам жиналды. Көңіл көтерген көпшіліктің арасында Жамбыл және Шал ақын аудандарынан келген қонақтар да болды.

– Мен “Ласковой май” тобының әндерін сүйіп тыңдайтынмын.
– Оның мүшелері балалар үйінен деген соң тіпті жанымыз ашитын.
– “Руки вверх” деген топты жақсы танимыз.
– 90 жылдары 20-дан асқан студент болдық. Біздің кезіміздегі топтар: “Мираж”, “Ласковый май”, “Комиссар”, “Суровый февраль”, “All Давай” және тағы басқалары. Бүгін би кешіне жас кезімізді еске алуға, көңілімізді көтеруге келдік. Осындай жақсы дискотекалар жиі болсын.