Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Қалада 100-ден астам наркограффити өшірілді

Енді акция қорытындысына тоқталып өтсек. Жастар мен құқық қорғау органының өкілдері бірлесіп 100-ден астам наркограффитидің көзін жойған. Шара 13 учаскелік полиция пунктінің аумағын қамтыды. Барлығы – 50-ден астам ерікті қатысты. Олардың айтуынша орталық көшелердің барлығы тазартылған, мұндай жазба таппайсың. Арам ойлылардың жүретіні – гараж кооперативтері, бейнебақылау камерасы жоқ тұйық жерлер. Мамандар мұндай тазалық шаралары есірткімен күресте маңызды рөл атқарады дейді. Жалпы, жыл басынан бері осындай 7 акция ұйымдастырылған. Бұдан басқа 50-ден астам сілтемені бұғаттау бойынша ұсыныс жасалған.

 

Мәдина Қаби