Sailau banner

Қазақстан жаңалықтары

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев ОКҚ брифингінде ең сұранысқа ие медициналық мамандықтарды атады

Ең көп сұранысқа ие 5 мамандыққа терапевтер, гинекологтар, анестезиологтар-реаниматологтар, хирургтар және рентгенологтар кірді. Вице-министрдің айтуынша, соңғы 3 жылда қалалар мен ауылдардағы дәрігерлердің тапшылығы азайып келеді. 2023 жылы медицина қызметкерлерінің тапшылығы 4800 адамды құрады, оның 3700-і қалаға және 1100-і ауылдық жерлерге тиесілі.

“Біз дәрігерлердің тапшылығы 2022 жылмен салыстырғанда 23% – ға азайып бара жатқанын көріп отырмыз”, – деді Сұлтанғазиев.