Sailau banner

Қоғам

Шекарашылар құрметке бөленді

Қырандай күшті, сауысқандай сақ! Бұл теңеуге ел қорғандары саналатын шекарашылар лайықты. Олар демалыс пен мереке дегенді білмейді. Басты міндеттері – артта тұрған Тәуелсіз елдің, қалың халықтың тыныштығының бұзылуына жол бермеу.

Елімізде 18 тамыз – Шекарашылар күні. Биыл бұл қызметтің құрылғанына 32 жыл. Осыған орай облыс орталығында құттықтау айтылып, шапалақ соғылған салтанатты шара өтті. Жиында ондаған маман түрлі дәрежедегі марапатқа ие болды.

Өңір Ресеймен шектеседі. Шекарашыларға 1249 шақырымды қызғыштай қорғау жүктелген. Бұл тұрғыда тепсе темір үзер теріскейліктер жалғыз өңірдің ғана емес, күллі елдің амандығы жолында тер төгуде.

АЙДОС БАЗЫЛБЕКОВ, ҚР ҰҚК Шекара қызметі СҚО бойынша департаментінің бөлім бастығы:

– Шекарашыларды нағыз батырларға теңеуге болады. Олар аянбай еңбек етуде. Біздің жігіттер елдің амандығын бірінші орынға қояды.

Шекарашылар күніне арналған салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасын тапты.

 

Байболат Құлтанов