Sailau banner

Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Бірлік шағын ауданында болды

Облыс әкімі Бірлік шағын ауданында болды. Мұнда Ғауез Нұрмұхамбетов тұрғындармен тілдесті. Әңгіме барысында сапа жайлы сөз қозғалды. Жаңа үйлерге кірген адамдардың өтініш-тілегі жерде қалмайды. Егер баспана кілтіне ие болған жерлестеріміз үн қатса, олардың мәселесі ескеріледі. Тілдесу кезінде аймақ басшысы осыны тілге тиек етті.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Біз құрылыспен айналысатын мердігерлерді таңдадық. Олармен келіссөз кезінде сапалы жұмыс жүргізуді тапсырдық. Адамдар бұл жерде тұрады. Сондықтан, сапасыз іс болмасын. Одан қалды, барлық шағымға құлақ түріңіздер. Бірде-бір тұрғының өтініші елеусіз қалмасын. Үйлердің 2 жылдық кепілдігі бар. Мердігерлер мұны жақсы біледі.

 

Байболат Құлтанов