Sailau banner

Білім

“Мектепке жол” қайырымдылық акциясы аясында 11 отбасыға көмек көрсетілді

Шарапаты мол шара. Өздеріңіз білетіндей жаңа оқу жылының басталуына сәл қалды. Қазіргі таңда ата-аналар балаларын мектепке дайындауда. Бірақ, керекті заттардың бағасы қалта қағады. Сол мақсатта облысымызда “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы өтуде. Бүгін ардагерлер кеңесінің өкілдері көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті. Қолдау пакеті сөмке және кеңсе тауарларынан тұрады.

ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– 11 отбасыға көмек көрсетеміз. Игі іске кәсіпкерлерді тарттық. Олар қаржылай қолдау білдірді. 1:33 1:44 Аталған акция жыл бойы жалғасады.

Бүгін көмек көрсетілген отбасылардың бірі – тасқыннан зардап шеккен Тихоновецкийлер жанұясы. Немересін жетектеп келген Нина Тихоновецкаяның сөзінше, осыған дейін мемлекет тарапынан бірқатар көмек көрсетіліпті.

НИНА ТИХОНОВЕЦКАЯ, қала тұрғыны:

– Бұл бізге зор көмек болды. Ардагерлер мен кәсіпкерлерге жыл сайын көрсететін осындай қолдаулары үшін алғыс айтамыз. Қазіргі уақытта балаларды мектепке дайындау оңай емес. Дүкендегінің бәрі қымбат. Біраз қаржыны талап етеді. Ал мұндай жәрдем шығынды азайтады.

Айта кету керек, облысымызда “Мектепке жол” акциясы аясында 11 мыңға тарта балаға көмек көрсетіледі.

 

Нұрасыл Ахмет