Sailau banner

Құқық қорғау органдары

СҚО-да жарты тоннаға жуық есірткі тәркіленген

Солтүстікқазақстандықтар арасында синтетикалық есірткінің таралу қарқыны бас шайқатады. Сандарға сүйенсек, биыл заңсыз айналымда 81 сауда тіркелген. Соның 73-і адамды әбден алжастыратын “синтетикаға” қатысты. Өңір полицейлері бір орында тұрған жоқ. Олар ауқымды шаруа атқаруда. Соның нәтижесінде ағымдағы жылы 476 килограмм 446 грамм әртүрлi есiрткi заты тәркіленіпті. Сонымен қатар, соңғы 7 айда аймақта нашақорлықтың алдын алуға бағытталған 563 іс-шара ұйымдастырылды. Бұл – акциялар-конкурстар, түсіндіру кездесулері және спорттық жарыстар. Оларға 6637 әскери бөлімінің қызметшілері және 35 мыңнан астам оқушы қатысты.