Sailau banner

Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Тайынша ауданында болды

Ғауез Нұрмұхамбетов Тайыншаға жұмыс сапарын шаруа қожалықтарын аралаудан бастады. Аудандағы «АМАНАТ» қожалығы мал шаруашылығымен айналысады. Мұнда жалпы құны – 500 млн теңгенің инвестициялық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта 4,5 мыңға жуық ұсақ мал әкелінген. Тағы Қарағанды облысынан 600 бас алу жоспарланған. Шаруашылық басшысының айтуынша, олар өнімдерін Астанаға экспорттайды. Енді Катар мен Дубайға да жіберуді жоспарлап отыр. Аудандағы «Красная Поляна» елді мекеніндегі «Зеленые Луга» шаруа қожалығы да аумағын кеңейтіп жатыр. Кәсіпкер «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 700 млн теңгеге қаржыландырылды. Бүгінде қожалықта 790 ірі қара мал бар.

ЮРИЙ КРАСНОГОЛОВЫЙ, «Зеленые Луга» ЖШС директоры:

– Қазір 400 басқа шақталған жаңа ферманың құрылысы басталды. Қазіргі таңда мал төлдетуге арналған нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Қыркүйек айының ортасында қолданысқа беріледі деп жоспарлап отырмыз.

Облыс әкімі «Таң» шаруа қожалығындағы тамшылатып суару әдісі арқылы картоп өсіру технологиясын көрді. Биыл кәсіпкер картоптың 7 түрін отырғызған. Серіктестік директорының айтуынша, нәтижесі күзде белгілі болады. Дегенмен, бірінші репродукцияның картобы қазірдің өзінде жақсы өнім беріп жатыр.

– Воду откуда берете?
– С котлована.
– Котлован большой? Естественный или искусственный?
– 1 гектар, искусственный, закачиваем со скважин.
– На себестоимость сильно не влияет?
– Конечно, с речки было бы дешевле.
– Потому что воды здесь рядом нет. Как у Звольского тоже.
– Поэтому мы немножко завидуем тем, кто живет на речке и не пользуется моментом.
– Очень правильно говорите.

Сондай-ақ, Ғауез Нұрмұхамбетовке ауыл тұрғындарының жеке шаруашылықтарына қалай шөп дайындайтыны да көрсетілді. Николай Шмидт ірі қара мал мен шошқа ұстайды. Тұрғынның айтуынша, дайындаған шөбі қысқа артығымен жетеді.

– Соңғы үш жылда егін дұрыс шықпады. Қоралар бос тұрды. Биыл шөп көп. Арнайы сарайларды толтырып жатырмыз.

Егін орағының басталуына аз қалды. Алда келе жатқан күзгі дала жұмыстары қарсаңында аймақ басшысы аудандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізді. Олар егін жинау науқанына дайындықтың қалай жүріп жатқанын және күтілетін өнім қандай екенін талқылады.

БЕРІК ӘЛЖАНОВ, Тайынша аудынының әкімі:

– Жоспар бойынша 125 мың гектар алқаптың 122 мыңынан шөп орылды. Аудандағы шаруа қожалықтары жинап алған жемшөп қоры бір жарым жылға жетеді деп ойлаймын. Материалдық-техникалық база бойынша айтатын болсам, бізде 750 комбайн бар, оның 460-ының өнімділігі жоғары. Күзгі дала жұмыстарына қажетті 1515 трактор, 1708 трактор тіркемесі бар. Ораққа 11 мың тонна жанар-жағармай қажет.

Сапар барысында Ғауез Нұрмұхамбетов жол жөндеу жұмыстарын көрді. Ауданда жалпы ұзындығы 190 шақырымды құрайтын 14 жоба жүзеге асырылады. Оған бюджеттен 4 млрд теңге бөлінген. Қазір «Келлеровка-Южное» аудандық маңыздағы автожолда орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. 2025 жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Жобаның құны – шамамен 590 млн теңге. Ал Заречное ауылында Чаглинка өзені арқылы өтетін көпір жөндеуден өтіп жатыр. Ол жоспар бойынша қыркүйек айында аяқталады. Өңір басшысы, сонымен қатар, су тасқынында зақымданған «Ясная Поляна-Тихококеанск-Шұңқыркөл-Көкшетау-Омбы» жолдарын да аралап көрді.

ЕРДЕН ШОРТЫБАЕВ, СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Бұл жердің топырағын су шайып кеткен. Биыл 521 млн, 500 млн берілді. Әзірге, қайта қалпына келтіру жұмыстарына бір жүк тиегіш, екі бульдозер, экскаватор жұмылдырылды.

Облыс әкімінің жұмыс сапары аудандағы әлеуметтік нысандарды аралаумен жалғасты. Биыл Краснополянская орта мектебіне 138 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ғауез Нұрмұхамбетов қазіргі уақытта білім ордасында атқарылған жұмыстарды тексеріп, жалпы оқушыларға жасалған жағдаймен танысты. Аймақ басшысы аудан орталығын абаттандыруға да өз бағасын берді. Ауданда «Таза Тайынша» жобасын жүзеге асыруға ерекше назар аударылған.

– Осы бағдарлама аясында 4300-ге жуық адам тазалық жұмыстарына қатысты. 167 техника жұмылдырылды. Жалпы, 800 тоннаға жуық қоқыс полигондарға шығарылды. Бұл жұмыстар күнделікті жүргізілді десек те артық айтпаймыз. Биыл біздің ауданда да су тасқыны болғанына қарамастан Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданындағы табиғи апат зардаптарын жоюға ат салыстық.
– Оған рахмет айтамыз. Большое спасибо за это! Ребята работают.

Кейіннен Ғауез Торсанұлы аудандық орталық кітапханаға барды. Биыл бұл жердегі және басқа да ауылдық кітапханалардағы жиһаздар жаңартылған. Осы мақсатқа бюджеттен 4 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Кітапханада, сондай-ақ, жеңілдетілген несиелеуге қатысушылар мен грант алушылардың өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Тайыншалықтар келушілерге қолөнер бұйымдарын, киім-кешек пен тәттілерін ұсынды. Олардың қатарында нан өнімдерін пісіруді қолға алған «Күміс алқа» орденінің иегері Сәуле Сәдібекова да бар.

Облыс әкімі Тайынша қаласындағы №5 орта мектебінде болды. Өңір басшысы салтанатты түрде ауыл мектептерінің директорларына оқушыларды тасымалдайтын шағын автобустардың кілтін табыстады.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Екі аптадан кейін жаңа оқу жылы басталады. Біз жыл сайын мектептердегі жөндеу жұмыстары мен оларды материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етуден бөлек, жаңа автокөліктер де сатып аламыз. Биыл облысқа жалпы- 38 автокөлік сатып алынды. Оның 8-і Тайынша аудандық білім бөліміне тапсырылды.

Кейін өңір басшысына білім ордасының материалды-техникалық базасы таныстырылды. «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында балаларға кеңсе тауарлары салынған сөмкелер де берілді.

Жұмыс сапарының соңында өңір басшысы тұрғындармен кездесті. Тайынша ауданының әкімі бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндаса, тұрғындар басшылыққа көкейде жүрген сауалдарын қойып, түйткілді мәселелерімен бөлісті.

– Бізде қай жыл мезгілі болсада аздаған жаңбыр, қар жауса электр сымдарының қысқа тұйықталуы болады. Сосын арнайы бригада келгенше жарықсыз ұзақ күтіп отырамыз. Бұрын электриктердің бригадасы әр кеңшарда болатын. Сол кезде тез-ақ келіп, барлығын қайта қалпына келтіріп беретін. Менің сізге аудан тұрғыны ретінде айтар өтінішім, осы электриктердің бригадасын қайта ауылдарға ауыстырып, электр желілерін жаңартып берсеңіз.

Кездесу барысында «Көкшетау энергиясының» басшысы нақты жауап бере алмады. Ол бұл мәселені бөлінетін қаржының аздығымен түсіндірді. Сондай-ақ, жиында тұрғындар көмір бағасы, жол және медициналық көмекке қатысты мәселелерді көтерді. Кездесу соңында өңір басшысы жиынды қорытындылап, көтерілген мәселелерді шешу үшін жауапты басшыларға тапсырмалар жүктеді.

 

Мәдина Қаби