Sailau banner

Қоғам

Биыл Есіл ауданының орталығында көше жөндеуге 291 млн теңге бөлінген

Жол жағдайын жолаушы біледі. Сәрсенбай Ибраев – Явленка ауылының тұрғыны. Жяау да, көлікпен де ойшы-шойқы жолдармен жүріп келген. “Биыл қаржы бөлініп, қалыпқа келтіру жұмыстарының жүріп жатқаны – ауыз толтырып айтарлық оң өзгеріс”,- дейді.

СӘРСЕНБАЙ ИБРАЕВ, Явленка ауылының тұрғыны, Есіл ауданы:

– Мен осы Явленкада тұрамын. Осы жолдар қарапайым, жай жерлер болған еді. Ал биыл, міне, асфальт салды, өте жақсы болып қалды. Машина жүрген кезде тастар тиіп, бүлдіретін еді. Әйнегі де, түсі кетіп жатады. Енді жол төселініп, ол олқылықтардың барлығы жоқ болды.

Явленка ауылында ұзынды-қысқалы 65 көше бар. Соның енді 25-інің асфальті бар. Мердігер – петропавлдық «КоммунСтройСервис» серіктестігі. Мамандар іске мамыр айында кірісіпті. Жоспардағы 5 көшенің, әзірге, 3-еуі жөнделген.

НҰРКЕН СИСЕНБАЕВ, Явленка ауылдық округінің әкімі, Есіл ауданы:

– Олар: Позолотин, Жамбыл, Коваленко көшелері. Жұмыстардың барлығы аяқталды. Жалпы, асфалттың ені – 5 метр, қалыңдығы – 6 см. Келісімшарттың бағасы – 291 млн теңге.

Жол жөндеуші кәсіпорынның Тәуелсіздік және Шалабаев көшелеріне қашан кірісетіні белгісіз. Округ әкімі қараша келгенше үлгереді деп сендірді.

 

Мәдина Қаби