Sailau banner

Білім

«943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасы талқыланды

Петропавлда Тамыз конференциясы бастау алды. Шымылдықашар шарада «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» республикалық жобасы талқыланды. Оған облысымыздағы 20 мектептің директоры мен мұғалімдері қатысты. Бастаманың мақсаты – сапаны арттыру.

РОЗА СӘРКЕН, «Әдістемелік орталық» КММ директоры:

– Біз өз тарапымыздан мектептерге әдістемелік көмек береміз. Алдымен мектепті дамыту бағдарламаларын зерттейміз. Әдіскерлермен бірлесе отыра алдағы жұмысты жоспарлаймыз. Атқарар жұмыс баршылық. Үш жыл ішінде оқушылардың білім сапасын арттырамыз деген үміттемін.

Маңызды жобаға мектептердің бәрі бірдей енбейді. Олар соңғы 3 жылдың нәтижелеріне қарай таңдалады. Мұнда мұғалімдердің және оқушылардың аттестацияларына, республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысуларына қарай баға беріледі. Алдағы мақсат айқын. Бастама аясында 10 әдіскер «Өрлеу» орталығында оффлайн режимде оқытылған. Солардың бірі – Корнеевка гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, филология ғылымының магистрі Ақмарал Жақыпова. Енді ол өз ұжымына ақыл-кеңес бермек.

АҚМАРАЛ ЖАҚЫПОВА, Корнеевка гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Есіл ауданы:

– Жан-жақты функционалдық сауаттылық, ҰБТ, мода бойынша көмек береміз. Техниканың қарқынды түрде дамып жатқан кезінде жаңа инновациялық технологияларды енгізу аса маңызды.

Бұл жобаны іске асыру аясында нысаналы мектептердің үлесін 2028 жылға дейін 32%-дан 15%-ға дейін төмендету күтілуде. Жобалық кеңсе жұмысының қорытынды кезеңі “Мақсаттан жетістікке” форумын ұйымдастыру және өткізу болады. Онда жыл жұмысының қорытындысы шығарылады.

 

Анель Шаяхметова