Sailau banner

Білім

Жаңа оқу жылына дайындық

Жаңа оқу жылында 458 мектеп пен 461 балабақша жұмысқа кіріседі. Қазір олардың барлығында қызу дайындық жүргізіліп жатыр. Қатарға жаңадан қосылып жатқан білім ошақтары да бар. Олардың кейбірі биыл есігін айқара ашса, қалғаны келесі жылы оқушыларды қабылдамақ.

ГҮЛНӘР ТАЛАСБАЕВА, СҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

– Облыста 2700 оқушыға арналған 4 мектеп салу қарастырылған. 2023 жылы Петропавл қаласының Береке және Орман шағын аудандарында 600 орындық 2 мектептің құрылыс жұмыстары басталды. Маңызды жұмысқа Ұлттық қордан 4 млрд жуық ақша бөлінді.

Балаларды тамақпен қамту – білім саласындағы негізгі міндеттердің бірі. Биыл бұл бағытқа қыруар қаржы қарастырылды. Жұмыс бастау алған. Яғни, ұл-қыздар тұрақты түрде тамақтанып, сабақ оқиды. Брифинг барысында басқарма басшысының орынбасары Татьяна Протопопова осы тұсқа тоқталды.

ТАТЬЯНА ПРОТОПОПОВА, СҚО білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Білім ошағындағы асханаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін 3,8 млрд теңге бөлінді. Қаржы 37 мыңға жуық балаға есептелген. Облыс бойынша астын сапасын қадағалайтын тексеріс орындары бар. Олар жылда мектептерге барып, беріліп жатқан мәзірді қарайды, тексеріс жүргізеді. Мамандар алдыңғы жылы 1900-ге жуық білім ошағында болды.

Маманның сөзінше, осы жылы тасқыннан зардап шеккен отбасылар білім саласында да көмекпен қамтылады. Ыстық тамақ және жәрдемақы қарастырылған. Оның көлемі 43 407 теңгені құрайды. Бұл киім-кешек үшін ұсынылып отыр. Осы орайда ата-аналардың құлағына алтын сырға. 10 жұмыс күнінің ішінде мелекеттік ақшаның жаратылу тәртібі мектепке ұсынылуы тиіс.

 

Мәдина Қаби