Sailau banner

Қоғам

Мектептердің қауіпсіздік деңгейі тексерілді

Облыста 370 мектеп бар. Соның 55-сінің лаңкестікке қарсы қорғау жүйесі тексеріліп, бірқатар олқылық анықталған. Нәтижесінде тиісті мектеп басшылықтарына 10 ұйғарым жазылып беріліпті. Сонымен қатар, күзетшілердің біліктілік талаптарына сәйкестігі де назарға алынды. Облыстық полиция департаментінің басшылығы барлық қалалық және аудандық полиция бөлімшелері қызметкерлерінің алдына жаңа оқу жылы қарсаңында оқу орындарының қауіпсіздігін нығайту міндетін қойды. Мамандар, сондай-ақ, білім беру нысандары мен балалар ойын алаңдарының жанында тиісті жол белгілерінің болуын және бейнебақылау және құлақтандыру жүйесі мен дабыл түймесінің жұмыс істеуін тексеріп жатыр.