Sailau banner

Қоғам

Қала тұрғындарының мұң-мұқтажы тыңдалды

Бүгін мәслихат депутаттары, білім басқармасының мамандары, “Amanat” партиясының өкілдері мен медиаторлар бір жерге жиналды. Түрлі сала өкілдерінің бас қосудағы басты мақсаты – қала тұрғындарының мұң-мұқтажын тыңдап, көмек көрсету. Жиынға мәселесін шеше алмай жүрген 21 адам жазылыпты. Олардың саны артуы да мүмкін. Себебі, іс-шара қас қарайғанша жалғасады.

ГҮЛФИРА РАМАЗАНОВА, «AMANAT» партиясы СҚОФ қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

– “Құқықтық көмек” жобасы аясында филиалда бір айда 2 рет осындай іс-шара өткізіліп тұрады. Жиындарда түрлі мәселелер көтеріледі. Тұрғындардың арыз-шағымдарын қарап, көмек көрсетеміз. Бүгінде көптеген ата-ана балаларын оқу жылына дайындай алмай жүр. Көмек сұрайды. Біз сол мәселелерді қарастырып, жомарт жандарға жеткіземіз. Тиісінше, олар қаржылай көмек көрсетеді.

Мына ұзын-сонар кезекте отырған жандардың әрқайсысы мамандарға тезірек жүгінсем дейді. Мәселесін арқалап келген тұрғындардың көбі – жалғызбасты немесе көпбалалы ата-аналар. Оқу жылы жақындаған сайын олардан маза қашары сөзсіз. Себебі, айлық санайтын азамат-азаматшалар жетерлік. Соның бірі – Севиль Әлиева. Нәзікжанды жұмыс істесем де 5 баланы өзі жалғыз асырау қиын екендігін айтып отыр. Жерлесімізге қабылдаушы тарап тиісті көмек көрсетілетінін жеткізген.

СЕВИЛЬ ӘЛИЕВА, қала тұрғыны:

– 5 балам бар. “Күміс алқа” иегерімін. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі таңда киім-кешек пен азық-түлік қымбат. Осындай жоба бар екенін танысымнан естідім.

Мұнымен шарапаты мол шара аяқталмайды. Тамыз айының соңында “Құқықтық көмек” жобасы аясында тағы бір жиын өтеді.

 

Нұрасыл Ахмет