Sailau banner

Қоғам

Ерекше тауарларды шекарадан алып өту тәртібі

«Ерекше тауарларды бақылау туралы» заңға сәйкес ерекше тауарлардың Мемлекеттік шекара арқылы өткізілуін бақылау мемлекеттік кіріс органдарына жүктелген. Ерекше тауарлардың бақылау тізімі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 424-ші бұйрығымен бекітілген.

ТӨЛЕНДІ КЕРІМБЕКОВ, СҚО бойынша МКД басшысының орынбасары:

– Олар: жабдықтардың кейбір түрлері, фрезерлік станоктар, ұшқышсыз ұшқыштар, газқағарлар, арнайы құралдармен өңделген арнайы киім, ұнтақтар, оның ішінде күкірт, яғни бұл бейбіт уақытта да, әскери мақсатта да пайдаланылуы мүмкін тауарлар. Ерекше тауарларды шекара арқылы өткізу уәкілетті органдар, яғни ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі беретін рұқсат беру құжаттарының негізінде ғана көзделген.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шекараға келетін болсақ, бақылау тауарға ілеспе құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
2023 жылғы 1-ші сәуірден бастап тауарларға электрондық ілеспе жүкқұжаттар енгізілді. Олар электрондық цифрлық қолтаңба арқылы шекарадан өткенге дейін ресімделеді.

ТӨЛЕНДІ КЕРІМБЕКОВ, СҚО бойынша МКД басшысының орынбасары:

– 2023 жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шекарада Бақылау тізіміне лицензиясыз және ерекше тауарларды сәйкестендіру туралы қорытындысыз енгізілген тауарларды өткізудің – 172 әрекеті, ал 2024 жылы 31 факт анықталды. Көрсетілген фактілер бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар рұқсат құжаттарын алу үшін Өнеркәсіп және құрылыс комитетіне жіберілді.

Қарастырылған жаза да бар. Егер ерекше тауарларды бақылау туралы заңнама сақталмаса, Қылмыстық кодекстің 275, 286-баптары және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463, 545-баптары бойынша жауапкершілік қарастырылған.

 

Байболат Құлтанов