Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Балаларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

– Имеете ли Вы право ездить на велосипеде? – Да! – …По пешеходному? – Нет!

Бұл – балалар демалып жатқан демалыс лагері. “Березка” мен “Достықта” полиция қызметкерлері жеткіншектермен жүздесті. Қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, кинолог-инспектор мен ювеналды полицейлер балаларға жол қозғалысы ережелерін түсіндірді. Жасөспірімдердің көбі түнде көшеде жалғыз жүреді, бұл – заңға қайшы әрекет, кәмелет жасқа толмаған бала қараңғы түскенде әке-шешемен немесе заңды өкілмен жүру керек. Мамандар бұл жайлы егжей-тегжейлі айтып берді.

АЛИНА РАМАЗАНОВА, қалалық ПБ бірінші полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы:

– Бұл іс-шаралардың ең негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың арасында орын алуы мүмкін деген құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алып, анықтау.

Кездесуде тәртіп сақшылары өз қызметтерін де таныстырды. Мәселен, кинологтар қызметтік серіктері-иттер туралы әңгімелеп, оның жұмысынан үзінді көрсетті.

– В этих баночках находятся аналоги-имитаторы мефедрона, Альфа-ПВП – синтетические наркотики.

Оқу жылы қарсаңында полицейлер балалар мен жасөспірімдерді барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Белгілі бір мәселе туындаса ол туралы ата-ана мен мұғалімге немесе полиция қызметкеріне хабарлау қажет.

 

Анель Шаяхметова