Sailau banner

Ауыл шаруашылығы

СҚО-да егінге орақ түсті

Егінге орақ түсер күннің ауылы алыс емес! Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда өңірдегі дәнді дақылдар өсірілген алқаптардың 76,5% жақсы күйде, ал 23,5% қанағаттанарлық жағдайда. Теріскейлік диқандар жаппай күзгі жиым-терім жұмыстарына тамыз айының соңында кіріспек. Қазір саусақпен санарлық кәсіпкер өнім жинауда. Олар 16 мың гектар жердегі алтын дәнді жинады. Жалпы, биыл көктемде аймақта 4,4 млн гектарға тұқым себілді. Оның 3,3 млн гектары – дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар.

 

Байболат Құлтанов