Sailau banner

МТРА жаңалықтары

Өңір өндірісі алға басады

Биыл облыстың өндіріс саласында 19 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. LS ақпараттық агенттігі ұсынған дерекке сүйенсек, бұл бағытта 33 млрд теңге инвестиция құю жоспарланған. Нәтижесінде 594 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Өңірде майлы дақылдарды өңдеу оң жолға қойылмақ. Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы – 12,8 мың тонна. Аймақта азықтық дақылдарды суару бойынша 4 бастама қолға алынады.
Сондай-ақ, облыста 2,8 млрд теңгеге 3 сақтау орны салынады. Жыл соңына дейін 2 құс фабрикасы іске қосылады. Олардың ашылуы 2,5 млрд және 800 млн теңгеге бағаланып отыр. Тағы 6 тауарлы-сүт фермасының таспасы қиылады, шошқа кешені кеңейеді.

 

Байболат Құлтанов