Sailau banner

Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңір басшысы облыстың 3 ауданында жұмыс сапарымен болды

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарын Тайынша ауданынан бастады. Аймақ басшысы “Дмитриев” жеке кәсіпкерлігінің бөдене фермасымен танысты. Мұндағы жұмыс 2016 жылы басталған. Кәсіпорын иесі бизнесті дамытуға 3 млн теңге көлемінде грант алыпты.

– Здесь 35 тенге яйцо, да? Да. Понятно, а вообще пользуется спросом, да? Да, люди берут, постоянные клиенты. Магазинам продаете или торговым центрам? И магазинам продаем, люди приезжают, покупают, с города звонят, просят привезти. Также мясо продаем.

Бұдан соң өңір басшысына “ТайыншаКоммунСервис” серіктестігінің қазандығы көрсетілді. Кәсіпорын директоры Николай Трифонов қазандық қандай нысандарды жылытатынын айтып берді.

– Загрузка как идет угля? Автоматизированная. Автоматизированная? Автоматизированная углеподача. Сверху? Сверху, бункер на улице стоит. Вот, погрузчик. Три котла, да? Работает один котел, всю зиму, даже вполсилы. Хорошо. И какой объем отапливаете? Мы отапливаем 20 тысяч квадратных метров. Это жилсектор, социальные объекты.

Әрі қарай Ғауез Нұрмұхамбетов “Alabota GCK” cеріктестігінің репродукторына барды. Қазіргі уақытта мұнда қазақы ақбастың 3 мың басы бар, оның жартысынан астамы – аналық ірі қара.

АБЫЛАЙ БИТТАГУЛОВ, “Alabota GCK” ЖШС директоры, Тайынша ауданы:

– Биыл көктем ерте келген соң малды да жайылымға ерте шығардық. Ағымдағы жылы шөп те көп. Қораларға мүлде кірмейді, олар 24 сағат бойы еркін жайылымда жүреді. Бұзаулар тәулігіне орташа алғанда 960 грамм, қашарлар 812 грамм қосады.

Сапардың келесі кезеңінде облыс әкімі Ақжар ауданына барды. Мұнда “Көкшетау-Омбы-Бостандық-Киев” автожолының учаскесіндегі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Қазіргі уақытта мердігер “Көкшетау Жолдары” серіктестігі 7,5 шақырымды қалыпқа келтірген. Ғауез Нұрмұхамбетов 2021 жылы пайдалануға берілген Талшық ауылының орталық қазандығына да барды. Жоба құны 400 млн теңгені құрайды.

– В зимний период тепло, многие форточки открывают зимой. Уже сейчас у нас даже к существующим сетям еще до сих пор подключаются. То, что сейчас подключается, эти котлы по мощности могут, тянут? Тянут! Жақсы!

Өңір басшысы Уәлиханов ауданына да барды. Мұнда Ғауез Нұрмұхамбетов “Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы” республикалық маңызы бар автожолының екі учаскесіндегі жөндеу жұмыстарымен танысты. Жоспарға сәйкес ауқымды шаруа 2026 жылы аяқталуы керек. Осы орайда облыс әкімі істі мерзімінде аяқтау қажеттігін айтты.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Барлық жұмысты соңына дейін жасаңыздар. Олай болмаса, мердігерлерді тауып, лицензиядан айыру керек. Осында жету үшін қаншама сағат жүрдік. Адамдар жөнді жолды әлі күнге дейін көрмей отыр. Бүгінде мұндай мердігерлер ақшаны игере де алмай жатады. Шарт жасасып, оны қайта бұза салуға үйреніп қалған.

Облыс басшысы “Бидайық-Өндіріс-Жұмысшы-Мырзағұл” аудандық маңызы бар автомобиль жолының жөндеу жұмыстарымен де танысты. Қазіргі уақытта Жұмысшы ауылында су өткізу құбырлары орнатылуда. Нысанның жай-күйі туралы облыс әкіміне бейінді басқарма басшысының міндетін атқарушы Ерден Шортыбаев айтып берді.

ЕРДЕН ШОРТЫБАЕВ, СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Мы приняли решение не готовую конструкцию сюда везти, а заливать на месте. Также дальше предусмотрена труба 2*2. Мы можем не довезти? Из-за этого заливаем или все-таки для того, чтобы сохранялось и во время паводка не уходило? Да, из-за этого заливаем.

Бұдан кейін өңір басшысы Жамбыл ауылына барып, жергілікті орта мектепті аралады. 2019 жылы ғимаратты күрделі жөндеуге 42 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Білім ұясының директоры облыс басшысына сынып бөлмелерін, спортзал мен асхананы көрсетті. Білім алушылар үшін ғимарат маңында көкөніс өсірілетін арнайы жер де бар.

Әрі қарай облыс әкімі Ақтүйесай ауылына барды, онда ішкі жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде елді мекеннің 5 көшесінде жұмыстар аяқталып, 14 су өткізу құбыры орнатылған. Жолдардың жөнделуін тексергеннен кейін өңір басшысы ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысының барысымен танысты. Бұл мақсатқа 185 млн теңгеден астам қаражат құйылған.

МҰРАТ АБДУЛОВ, Уәлиханов ауданының әкімі:

– Мұнда тәжірибесі мол учаске бастығы жұмыс істейді. Учаске бастығы болып тағайындаған сәттен бастап, нысан қарқынды салынуда. Кәсіби құрылысшы. Жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілуде.

Сапардың келесі кезеңінде Ғауез Нұрмұхамбетов “Жолдасбай Агро” фермерлік шаруашылығының бидай алқабына барды. Аймақ басшысы диқандармен кездесіп, егін жинау науқанына дайындық барысын сұрады.

– Техника, все есть? Готовы к этому хлебу? Сейчас мы смотрели пшеницу Суиндик Каирбековича. Пшеница неплохая, мягкий сорт пшеницы. Вообще ровненько стоит. Пшеница по пояс. Она сейчас еще подымится. Самое главное, чтобы она созрела хорошо. Солнечные лучи нужны. Жара нужна.

Кейін облыс әкімі Кішкенекөл ауылына жол тартты. Ғауез Нұрмұхамбетов Уәлиханов ауданының әкімшілік орталығында блок-модульдік қазандықтың жұмысымен танысты. Аудан әкімі Мұрат Абдулов жылыту маусымына дайындыққа тоқталды.

МҰРАТ АБДУЛОВ, Уәлиханов ауданының әкімі:

– Көмір әкелінді. Толық көлемде пайыз қазандық аумағына төгілді. Қазіргі уақытта ауданда қара отынның барлық түрі бар. Біз көмірмен алыс аудандарды да қамтамасыз етеміз. Тасымалдау процесі жүріп жатыр. Биылғы жылыту маусымында көмірмен мәселе туындамайды.

Өңір басшысы бір ауысымда 250 адамды қабылдауға қауқарлы Кішкенекөл емханасының құрылысымен танысты. Нысанды ағымдағы жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда. Айта кетейік, жобаның сметалық құны 3 млрд теңгеден асады.

– Деньгами же мы полностью обеспечили? Сейчас же деньги есть? Все, средства пришли. Акты закрыли, всю сумму денег взяли? Взяли. Сколько? 950 миллионов. В форме укажите – мы с Республики все деньги получили. Людей увеличивайте, людей увеличивайте.

Бұдан соң Ғауез Нұрмұхамбетов Кішкенекөлде жаттығу залы бар жүзу бассейнінің құрылысын бақылады. Нысандағы жұмыстар 70%-ға аяқталды. Облыс әкімі ғимаратты қаптау кезінде жіберілген кемшіліктерді жоюды тапсырды. Келесі нысан – Ахметжан Қазымбетов атындағы стадион. 2021 жылы мұнда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 350 адамға арналған трибуналар орнатылды. Бұл жерде өңір басшысы “Жастар-2024” облыстық спартакиадасына қатысушыларымен кездесті.

– Поздравляю, второе тоже хороший результат, молодец. На какой дистанции? 1500. Ну, молодец. Давай, удачи! Эстафету же бежал. Эстафета – пятое.

Екі күндік сапар соңында Ғауез Нұрмұхамбетов №2 Кішкенекөл орта мектебінде болды. Мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмысқа облыс бюджетінен 174 млн теңге бөлінді. Бүгінде істің жартысынан астамы тындырылған.