Sailau banner

Білім

Биыл колледждерге 145 мың грант бөлінді

Биыл еліміздегі колледждерге 145 мың грант бөлінді. Көрсеткіш былтырғыға қарағанда әлдеқайда көп. Бұл шаралардың барлығы жас мамандарды кәсіби дайындауға және еліміздің кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, білім беру гранттарының басым бөлігі IT, құрылыс, инженерия, металлургия секілді техникалық мамандықтарға бөлініп отыр. Талапкерлер құжаттарын үйден шықпай-ақ “Egov.kz” электронды үкімет порталы арқылы тапсыра алады. Кәсіпорындарда талапкерлерге зор көмек көрсетілуде. Серіктестіктердің өтініші бойынша 410 орта білім беру орнында 10 мың абитуриент мемлекеттің есебінен тегін білім ала алады. Тиісінше, колледжді тәмәмдаған соң, жастар жұмыспен қамтылады.

 

Нұрасыл Ахмет