Sailau banner

Қоғам

Терезеден келер судың астында қалған үй адам танымастай өзгермек

Мына жігіттер көлде емес, үйдің ішінде жүр. Бастапқыда су терезеден келіпті, ал видео түсірілген сәтте тізеден сәл төмен түскенін аңғарамыз. Тілсіз жау Екатерина Погорельскаяның шаңырағына сәуірдің 13-і күні келді. Содан бастап нәзікжандыдан маза қашқан.

ЕКАТЕРИНА ПОГОРЕЛЬСКАЯ, Бескөл ауылының тұрғыны:

– Біз осы үйде 2015 жылдан бастап ұлыммен тұрамыз. Бұндай жағдайды күтпеген едік. Су кенеттен келіп, жолындағының бәрін басты. Күйзелдік, көндік. Тасқыннан кейін бірнеше рет комиссия келді. Олар барлығын бағалады.

Үйді қайта қалпына келтіру үшін мемлекеттен 8,5 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Жөндеу жұмыстары бір айдан соң басталды. Екатерина Погорельская механикалық бригада көмегінен бас тартты. Оған жолдасы, туыстары көмектесуде.

Бүгінгі күнге дейін еден ауыстырылған, қабырғалар гипсокартонмен қапталған. Бұдан басқа да оң өзгеріс бар. Еңбекке құштар отбасы төрт бөлмелі баспанадағы жұмысты қыркүйектің соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. “Өз үйім – өлең төсегім” деп санайтын Екатерина Погорельская тезірек үйреншікті жеріне келіп, өмір сүргісі келеді.

 

Анель Шаяхметова