Sailau banner

Экология

СҚО-да 30-дан астам заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды

Облыста заңсыз қоқыс үйінділері көп. Биылдың өзінде қалдық төгуге рұқсат етілмеген 94 орын анықталған. Аудандардағы статистика көз шошытады. Себебі, Қызылжар, Мамлют және Аққайыңда санкцияланбаған 69 полигон тіркелген. Ал облыс орталығының өзінде 8 бірдей қоқысты жер табылыпты. Тәртіпбұзушылықтарды полицейлер жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып анықтаған. Нәтижесінде 31 қоқыс үйіндісі жойылды. Қазіргі таңда өңірімізде “Таза Қазақстан” акциясы өтіп жатқаны белгілі. Тазалық шарасы барысында тәртіп сақшылары 800-ден астам рейтік шара өткізіп, 6 мыңға жуық құқықбұзушылық тіркеген.

 

Нұрасыл Ахмет