Sailau banner

Қоғам

Әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру

Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететін жандардың құқығы қорғалуы тиіс. Қазақ қоғамында әйел азаматының орны әрдайым ерекше болған. Бүгінгі таңда елімізде жұдырық ала жүгіретін ер адамдардың қолынан зардап шегетін нәзікжандылар аз емес. Олардың көбі өз құқықтарын білмей жатады. Бүгін сол мақсатта Достық үйінде тренинг өтті. Іс-шараға түрлі ұйым өкілдері мен белсенді нәзікжандылар қатысты.

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, “БҰҰ-әйелдер” құрылымының жаттықтырушысы:

– Бүгінгі тақырыбымыз – әйелдердің саяси көшбасшылығы. Біз 3 күн бойы келген жандарға өзіміздің білімімізбен бөлісіп, практикалық жұмыстар жасайтын боламыз. Мемлекетімізде гендерлік теңдестік болуы тиіс.

Әйелдердің құқығының шектелуі жұмыс орындарында да кездеседі. Жергілікті атқарушы органдарда істейтін азаматшалардың да саны аз екен. Бүгін жиында осы мәселе көтеріліп, алдағы уақытта болатын сайлауларға нәзікжандылардың көптеп қатысуы қажеттігі жайлы сөз қозғалды.

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, “БҰҰ-әйелдер” құрылымының жаттықтырушысы:

– Басты мақсат – алдағы уақытта сайлауға қатысатын әйелдерді дайындау. Біз БҰҰ-ның 2003 жылғы жасалған жүйесі бойынша жұмыс істейміз.

Басқосуға қатысып өзінің құқығын толықтай білуге келген жанның бірі – Толқын Ахметбекова. Нәзікжанды мұндай тренингке бірінші рет қатысып отыр екен.

ТОЛҚЫН АХМЕТБЕКОВА, тренингке қатысушы:

– Іс-шара жайлы Инстаграм парақшасынан білдім. Менің ойымша, қоғамның дамуы үшін ерлер мен әйелдердің құқығы бірдей болуы тиіс.

Тренинг 3 күнге жалғасады.

 

Нұрасыл Ахмет