Sailau banner

Спорт

Теріскейлік велошабандоз Алексей Луценко Петропавлға келді

Теріскейлік велошабандоз Алексей Луценко Олимпиада ойындарында бақ сынағаны бәрімізге мәлім. Күні кеше ғана ол Петропавлға оралды. Спорт сарайында жерлесімізді туыстары, достары, жанкүйерлері және бейінді басқарманың өкілдері қошеметпен қарсы алды.

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО, Олимпиада ойындарының қатысушысы:

– Жүлделі орыннан көрінгім келген. Барлығы мен ойлағандай болмады. Дүбірлі доданың алдында жарақат алып қалған едім. Бірақ, оны негізгі себеп санамаймын. Ұйымдастыру жоғары деңгейде болды. Алған сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Келесі Олимпиадаға қатысу-қатыспауым белгісіз, барлығын уақыт көрсетеді.

Жергілікті велошабандоз төртжылдықтың басты додасында 52-шы орынды місе тұтты. Ол жеңімпаздан 7 минут 23 секундқа қалып қойды. Теріскейлік спортшы алдағы аптаны туыстарымен бірге өткізіп, содан соң Цюрихте өтетін әлем чемпионатына дайындалмақ. Айта кету керек, бұл – Алексей үшін екінші Олимпиада ойындары. Үмітіміз Токиодағы байрақты бәсекеге қатысып, 21-шы орыннан көрінді.

 

Нұрасыл Ахмет