Sailau banner

Қоғам

Облыс әкімі құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Қазіргі таңда облыста құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Мұның өзі өңір экономикасын дамытуға септігін тигізеді. Биыл өңірде су тасқыны орын алып, көптеген тұрғын үйсіз қалған болатын. Осындай қиын кезде құрылысшылар аз уақыттың ішінде жана «Бірлік» шағын ауданынан 285 отбасыға жаңа баспана салып берді. Бұл жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Бүгін облыста дәстүрлі түрде салтанатты жиын өтіп, құрылыс саласын дамытып, жаңа нысандардың салынуына септігін тигізіп жүргендерді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Бүгін өңіріміздің дамуына көп үлес қосып, адал қызмет етіп жүрген құрылысшыларға құрмет көрсетіп, алғыс білдіреміз. Биыл біздің облыс қатты су тасқынына тап болды. Зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз етуде құрылысшылардың рөлі ерекше болған. Құрылыс компанияларының арқасында қысқа ғана уақытта «Бірлік» шағын ауданы бой көтеруде. Барлығы – 700 үй салынады. Осы күнге дейін 285 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Қалған үйлердің құрылдысы кестеге сай аяқталады.

Кәсіпқойлығы және құрылыс саласын дамытуға белсенді ат салысқаны үшін өнеркәсіп және құрылыс министірлігінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен өңір басшысы сала мамандарын марапаттады. Одан бөлек құрылысшылар СҚО және қала әкімінің атынан да аталған марапаттарға ие болды.

МҰРАТ ҚАЛИЕВ, құрылыс саласының ардагері:

– Біз 24-ші сәуірден бастап үй салып жатырмыз. 105-ші күн бүгін құрылыс басталғанына. Бүгінде 235 үй салынды. Әрі қарай да жылжып жатырмыз. Тағы да енді 137 үйді тапсырамыз. Сондай жоспар бар 1-ші қыркүйекке дейін. Әкімшілік те көмектеседі және фондтарға рахмет. Үйлерінен айырылған кісілерге үйлер беріліп жатыр.

Бүгінде облыс бойынша денсаулық сақтау, білім беру, спорт нысандарының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

 

Данаш Хамза