Sailau banner

Мәдениет

Абай Құнанбайұлының дүниеге келгеніне – 179 жыл

Жүрегімнің түбіне терең бойла. Осындай атаумен Абай Құнанбайұлының 179 жылдығына орай С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада әдеби-сазды кеш өтті. Оған зиялы қауым өкілдері мен жас ұрпақ қатысты. Абай сан қырлы тұлға болған: ақын, сазгер, аудармашы, ойшыл, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы. “Ұлы тұлғаның өлеңдерін, қара сөздерін білу – әр қазақтың парызы дейді”, – шараға қатысушылар. Осы ретте олар ақынның шығармашылығына терең бойлап, өлеңдерін жатқа оқыды.

ЖОМАРТ ОМАРОВ, “Аманат” партиясы СҚОФ жанындағы “Miras” кеңесінің мүшесі:

– Жалпы, Абайды бір кішкене кеш арқылы түсіне сала алмаймыз. Өйткені, ұлы М.Әуезов “Абай жолын” жазғаннан кейін айтқан сөзі бар. Ол кісіден “Абайды танып болдыңыз ба?” деп сұрағанда “Мен тек мұхиттан бір ожау су ішкендей болдым” деген екен. Сондықтан, Абай – ол үлкен әлем, бір кеңістік.

 

Мәдина Қаби