Sailau banner

Құқық қорғау органдары

СҚО-да жыл басынан бері 660 мас жүргізуші ұсталған

Облыста 5-ші және 6-шы тамыз аралығында полицейлер “Мас жүргізуші” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. 2 күн ішінде тәртіп бұзған 18 адам ұсталды. Тексеріс барысында Набережная көшесінде скутер жүргізушісінің қылығы күдік туғызған. Оны білікті мамандар бірден тоқтатыпты. Нәтижесінде көлік құралын тізгіндеген 44 жасар жанның көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ екені және ащы судан ұрттағаны белгілі болды. Оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, азамат 20 тәулікке қамауға алынды.

Осы сияқты құқықбұзушылық Ақжар ауданында да анықталыпты. 47 жастағы көлік иесі ауыл көшелерінің бірімен келе жатып бағанаға соғылған. Оқиғаны тәртіп сақшыларына елді мекен тұрғындары хабарлаған. Полиция департаментінің қызметкерлері оқиға орнына бірден барып, мән-жайды анықтады. Нәтижесінде Mercedes-Benz автокөлігін тізгіндеген жүргізушінің ішімдікке сылқия тойып алғаны анықталды. Сот шешіміменер адам15 күнге қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

АЯГӨЗ ЕСМАҒАМБЕТОВА, СҚО ПД ЖПҚБ инспекторы:

– «Мас жүргізуші» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның қорытындысы бойынша 617 құқық бұзушылық анықталып, 18 мас жүргізуші ұсталды.

Айта кету керек, облыста жыл басынан бері 660 мас жүргізуші ұсталған.

 

Нұрасыл Ахмет