Sailau banner

Қоғам

“Жастармен бірге” ұлттық жастар онкүндігі жайлы

Елімізде Халықаралық жастар күнін мерекелеу аясында “Жастармен бірге” ұлттық жастар онкүндігі өтіп жатыр. Оның аясында бірсыпыра шара жоспарланған. Олардың барлығы қоғамға айтарлықтай пайда әкеледі.

АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпараттық орталығының бөлім басшысы:

– Ағымдағы жылы онкүндік тамыздың 12-ші жұлдызына дейін өтеді. Біз ауқымды жоспар әзірледік. Әр күнге шаралар бекітілген. Экологияға көңіл бөлу, жастарды дамыту, салауатты өмір салтын сақтау, ғылымды насихаттау. Осы және өзге де бағыттарға назар аудардық.

Яғни, “Жастармен бірге” ұлттық жастар онкүндігі түрлі саланы қамтиды. Оған қатысушылар кездесулерде ақыл-кеңес алады. Жұмыс та табулары мүмкін.

АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпараттық орталығының бөлім басшысы:

– Аудандағы жастар арасында әлеуметтік желілерде «Abai Day» видео-челленджі өтеді, «Жастармен бірге!» атты фестиваль де ұйымдастырылады. «Enbek Fest’24» жәрмеңкесі болатынын да хабарлаймыз. Ол арқылы аудандық және қалалық қыз-жігіттер жұмыс табады. Түрлі кездесулердің тізімі құрылды. Жастар облыс әкімімен де жүздеседі.

Ұйымдастырушылардың мақсаты бір – жастардың басын қосу. Оларды бірлікке, еңбекке шақыру. Осы арқылы қыз-жігіттердің белсенділігін арттыру.

АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпараттық орталығының бөлім басшысы:

– Бұл онкүндік жастарды қоғамдық және волонтерлік бастамаларға шақырады деген ойдамыз. Қатарластарымыздың бойында азаматтық жауапкершілік сезімі пайда болады. Сонымен қатар, қоршаған ортаға, денсаулыққа деген көзқарас өзгереді. Түрлі шараларда жастар қарым-қабілеттерімен де танылады. Сол арқылы жан-жақты қолдау табады.

Айта кету керек, бұл онкүндік аймақта тамыздың 3-і бастау алды. Бүгінгі күнге дейін өңірімізде 69 іс-шара ұйымдастырылған. Олардың басым бөлігі аудандарда өтіпті.

 

Байболат Құлтанов