Sailau banner

Құқық қорғау органдары

СҚО-да биыл ата-аналық міндетін орындамаған 600-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ювеналды полицейлер, прокурорлар мен судьялар бас қосып, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Мамандардың айтуынша жасөспірімдердің жалғыз түнде көше кезулері тыйылмай тұр. Қараусыз жүрген бала бірдеңеге ұрынып қалуы мүмкін. Оған қарайтын әке-шеше қайда? Облыста биыл ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін 663 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Оның ішінде осы себеп те бар.

Жалпы, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың тарапынан жасалатын бұзушылықтардың алдын алу – мемлекеттік органдардың жіті назарында. Жиынға қатысушылар осы ретте тәжірибе алмасып, түйткілдер мен оны шешу жолдарын талқылады. Мамандардың пікірінше, кешенді жұмыста уәкілетті тұлғалардың кәсібилігі мен жауапкершілігінің жоғары болуы маңызды. Полицейлер түнгі уақытта құқық бұзушылықтарды анықтайды, өзгелері күндіз ұйымдастыру жұмыстарын жүргізсе, судьялар олардың барлығының сауатты жиналған материалдары негізінде шешім қабылдайды. Қозғалған мәселе өзекті. Бұл туралы жаңа заңда да қамтылған.

АЙНАГҮЛ САУЫТБЕКОВА, СҚО ПД ЖПҚБ инспекторы:

– 2024 жылғы 16-шы маусымында ҚР ӘҚБтК «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді. Осы заңға сәйкес кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің жауапкершілігі енгізілді.

 

Данаш Хамза