Sailau banner

Қоғам

Мағжан Жұмабаев ауданына жаңа әкім тағайындалды

Мағжан Жұмабаев ауданына жаңа әкім тағайындалды. Енді бұл лауазымды Рахат Смағұлов атқарады. Атқамінер бұған дейін Шал ақын ауданын басқарды. Ол 1982 жылы 1-ші шілдеде Ресей Федерациясы, Омбы қаласы, Есіккөл ауданы, Қасқат ауылында дүниеге келген. Азаматты жергілікті активке облыс әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев таныстырды, негізгі міндеттерді атап өтті.

РУСЛАН ӘЛІШЕВ, облыс әкімі аппаратының басшысы:

– Жаңа басшының алдында қосымша инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу және ауданды одан әрі дамыту міндеттері тұр. Сандарды сөйлетсек, ауданға биыл 21 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген болатын. 6 айдың ішінде соның 6,7 млрд теңгесі немесе 33 пайызы ғана игерілді. Ең басты мәселенің бірі – жол жөндеу жұмыстары. Осыған көп көңіл бөлулеріңізді сұраймын.

Мағжан Жұмабаев – облыстағы беткеұстар аудандардың бірі. Қай сала болмасын алға жылжу бар. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығында өсу байқалғанын айта кетуге болады. Ауданның топырағы құнарлы, шөбі шүйгін. Мұндағы диқандар жыл сайын көл-көсір астық жинайды. Кәсіпкерлер сүтті тауарларды өндіру бойынша өңірімізде үшінші орында тұр.

РАХАТ СМАҒҰЛОВ, Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі:

– Құрметті әріптестер, мен сіздермен осыған дейін жұмыс істеген болатынмын. Көбіңізді танимын. Болашақта берілген тапсырмаларды біріп орындайтын боламыз. Ең алдымен, маған осы қызметті сеніп тапсырған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовке алғысым шексіз. Сенімді ақтайтын боламын.

Айта кетейік, бұған дейін Мағжан Жұмабаев ауданын Қайрат Омаров басқарды.

 

Нұрасыл Ахмет