Sailau banner

Мәдениет

Абай күніне арналған челлендж

10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні. 2020 жылы күллі әлем танылған бабамызға күнтізбедегі бір күн арналған екен. Биыл ақынның дүниеге келгеніне 179 жыл толып отыр. Бұл күн еліміздің түкпір-түкпірінде ауқымды түрде аталып өтіледі. Осы айтулы датаға орай облыстық “Тілдерді дамыту орталығы” челлендж бастаған болатын. Орталық маманы халқымыздың маңдайына біткен жанның шығармаларын нақышына келіп айтып берді. Олар эстафетаны С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына жолдаған болатын.

ҚАЙЫРЖАН МӘЛІКОВА, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың бөлім басшысы:

– Жыл сайын кітапханамызда ұлы ақынның шығармаларын дәріптеу мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырып отырамыз. Абай күні – жай ғана атаулы дата емес, руханият мерекесі.

Мекеме қызметкерлері де қалыс қалмай, челленджді ары қарай жалғастырды. Кітапхана маманы ақынның “Ғашықтың тілі-тілсіз тіл” атты туындысын мәнерлеп айтып, эстафетаны Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасына жолдады. Олардың сөзінше, мұндай челлендждер көптеп өткізіліп, Абай шығармалары әр уақытта осылай дәріптеліп отыруы тиіс.

ҚАЙЫРЖАН МӘЛІКОВА, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың бөлім басшысы:

– Кітапхана қорында ақынның барлық кітаптары мен қара сөздері бар. Көбінесе оқырмандар Мұхтар Әуезовтың “Абай жолы” романын көп алып, оқиды. Себебі, мұнда қазақтың жарты ғасырлық тұрмыс-салты баяндалған.

Абай күні елімізде аталып өтілетінін біреу білсе, біреу білмес. Осы жайында қала тұрғындарымен тілдесіп көрдік. Олардың көбі ақын шығармалары еш ұмытылмайтынын және ұлы композитордың туған күні кең көлемде тойланатындығын білеміз дейді.

 

Нұрасыл Ахмет