Sailau banner

Экология

СҚО-да уран кеніштеріндегі ауа сапасы тексерілді

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің өкілдері кен орындарына жиі барады. Жақында табиғат жанашырлары Айыртау мен Ғабит Мүсірепов ауданында болған. Мұнда бір кездері уран өндірілгені белгілі. Яғни, мамандар гамма-сәулелену деңгейін тексеріпті.

АЛЕКСАНДРА ХРЯПОВА, СҚО бойынша экология департаменті зертханалық және аналитикалық бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

– Гигиеналық радиациялық қауіпсіздік стандартына сәйкес гамма-сәулеленудің көрсеткіші нормадан асып кету жайты анықталған жоқ. Тексеру көп уақытты алмайды. Біз кеніштерге барамыз. Қолымызда дозиметр-радиометр құрылғысы болады. Оған датчик қосылады. Сол жерде бірнеше түймені басамыз, бірден гамма-сәулеленудің қорытындысын аламыз.

Экологтар мұндай сапарларды медиа-жоспар аясында жүзеге асырады. Олар радиация деңгейінен бөлек, ірі кәсіпорындардан бөлінетін ағынды сулардың әсерін, өнеркәсіптік шығарындыларды және басқа да жайтты бақылайды.

АЛЕКСАНДРА ХРЯПОВА, СҚО бойынша экология департаменті зертханалық және аналитикалық бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

– Біз аккредиттелген зертханамыз. 33 көрсеткіш бойынша тексеру жүргізе аламыз. Бұл – жалпы химиялық талдау. Оны көптеген металдар, фосфаттар, азот топтарын, күшән деңгейін анықтау мақсатында жасаймыз. Осы орайда судың тығыздылығы қалай анықталатынын көрсете аламын. Бұл – сынамаға қажетті тіршілік көзі.

Суға көк түс пайда болғанша дейін индикатор мен басқа да заттар қосылды. Ерітінді араластырылды. Талдау нәтижесі дайын. Көрсеткіш судың тығыздығы орташа екенін ұғындырды. Мұнда 4 маман жұмыс істейді. Олар негізгі жұмыстарынан бөлек, әріптестерімен тәжірибе алмасу мақсатында іссапарларға да шығады.

 

Байболат Құлтанов