Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Мектептегі қауіпсіздік мәселесі талқыланды

Жаңа оқу жылының басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Осы орайда полицейлердің ұйымдастыруымен білім беру мекемелерінің техникалық тұрғыдан қауіпсіздігі жөнінде жиын өтті. Шараға бейінді басқарма басшылығы мен өзге де мүдделі орган өкілдері қатысты. Басқосу барысында оқу орындарының техникалық нығаюы, жол инфрақұрылымы және кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы айтылды. ПД бастығының міндетін атқарушы Құрманғали Исмағұлов жауапты қызметтерге мектептердегі заманауи техникалық құралдардың әлеуетін барынша пайдалану қажеттігін қаперге салды. Білім беру мекемелерінің маңында жол инфрақұрылымына мониторинг жүргізу және тіркелген олқылықтарды тамыз айының соңына дейін жедел жою тапсырылды. Сондай-ақ, жиын барысында терроризмге қарсы жалпы қорғау және лицензияланған күзеттің болу мәселесі көтерілді.