Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Айыртау ауданына барды

Облыс әкімі Есіл ауданындағы Корнеевка ауылына барып, «Атамекен – Агро Корнеевка» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Сүт-тауарлы фермасының құрылысы 2022 жылы басталған. Ал биыл 25-ші қыркүйекте серіктестік өз жұмысын бастамақ. 50-ден астам адамды жұмыспен қамтиды. Жалпы, сүт-тауарлы фермасы 2200 ірі қараға шақталған. Қазіргі таңда 270 сиыр Германиядан, 240-қа жуық сиыр Даниядан әкелінген.

АЛЕКСАНДР ФАДЕЕВ, «АТАМЕКЕН-АГРО КОРНЕЕВКА» ЖШС директоры:

– Бұл – өте ауқымды жоба. Мұндағы технологиялардың көпшілігі бұрын-соңды Қазақстанда қолданылмаған. Ауа райын, температураны бақылауда ұстайтын желдету жүйесі бар. 40 бас ірі қараны бір мезетте саууға болатын «Карусель» атты жабдық орнатылды. Енді сүт-тауарлы ферманың жан-жағын көгалдандырып, тағы да қосалқы жабдықтар орнатамыз. Жыл соңына дейін тағы 130 бұзау әкелеміз. Алғашқы өнімді қараша-желтоқсан айларында аламыз деп ойлап отырмыз.

Келесі нысан Айыртау ауданындағы «Ясмина-Агро» ЖШС болды. Серіктестік 2004 жылы құрылған. 50-ден астам жұмысшы еңбек етеді. Егістік алқабының аумағы 8551 гектарды құрайды. Биыл 8200 гектардан астам жерге егін еккен. Оның ішінде 6 954 га-ға дәнді және дәндібұршақ сепсе, қалған 1296 гектарға мал азығын еккен. Айта кетейік, серіктестік былтыр 1 гектардан 11,8 центнер өнім алған.

– Первый покос мы сделали в первых числах июля, второй где-то 12-13 августа. Но мы сеяли рано в прошлом году 18 мая. В нашей практике 2 год сеяли суданку.

Өңір жетекшісі Саумалкөл ауылындағы «QAZ-QAR LTD» серіктестігіне барып, астық жинау науқанына дайындығын тексерді. Элеватор 1970 жылы салынған. 116 мың тоннаға дейінгі өнімді сақтай алады.

– Сколько сушилок у вас? – Унас 5 сушилок. Мы где-то в сутки можем 1200 тонн сушить.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Баянтай» ЖШС-нің егін алқабына да барды. Жалпы, серіктестіктің егіс аумағы 11,5 мың га жуық. Биыл диқандар 6264 га жерге бидай еккен. Мамандардың, айтуынша осы жылы егін бітік шыққан. Бірақ, жаңбырдың көп жаууына байланысты әлі дұрыс піспей жатыр. Былтыр әр гектардан 15,3 центнер дәнді дақыл, 4 центнерден майлы дақыл алған. Биыл Айыртау ауданының диқандары одан да жақсы өнім аламыз деген ниетте.

Сондай-ақ, өңір басшысы Айыртау ауданындағы бірегей орын – Дала мәдениеті бастау алған Ботай қонысына барды. Айта кетейік, биылғы «Ұлы Дала ойындары» дәл осы Ботайдан басталады. Ауданы 15 гектарды алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып, тазартылып, 133 мыңдай жылқы сүйектері табылған.

ҚУАНЫШ ШАҚШАҚОВ, «БОТАЙ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының директоры:

– Бізде мұнда дәл қазір 3 үй бар. Алдағы уақытта тағы 3-еуін саламыз. Сосын үйлер бір-бірімен жерасты жолдары арқылы жалғанып тұрады. Яғни, 6 үй дөңгелек тәрізді болып тұрады. Біз бұны өзіміз ойлап, қиялдан шығарған жоқпыз. Осыдан 6 мың жыл бұрын ежелгі адамдардың үйі бұрын дәл осындай болған. Қазба жұмыстарының барлығын өзіміз жүргіземіз. Лиценциямыз бар.

Өңір басшысы Саумалкөлдегі жылу орталығына барып, ауылдың жылыту маусымына дайындығын тексерді. Жылу орталығында барлығы – 5 қазандық бар. Жалпы, орталық қазандық 20 көпқабатты тұрғын үйді және 5 әлеуметтік нысанды жылумен қамтамасыз етеді. Биыл жаңа генератор сатып алынған. 2024-2025 жылдардың жылыту маусымына арнап 8 мың тонна көмір жеткізілмек. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қазандықтардың дұрыс тазаланбағанын айтып, оған жауапты адамдарды сынға алды.

– Прошлый год ремонт сделали. 5 котлов стоит. Шестой котель ждем. – По шестому котлу мы же деньги дали да? – Да, дали. Все договора мы заключили. В принципе проблем таких нет. Они до 20 числа должгы прийти. И потом сразу начнется монтаж.

Өңір басшысы кейін «Шалқар-су» шипажайынан «Сокол» балаларды сауықтыру орталығына дейінгі салынып жатқан жолдың құрылысымен де танысты. Жолдың ұзындығы – 2 км. Жоба құны – 400 млн теңге шамасында. Жауапты мердігер – «Сервис НС» ЖШС. Тасжол қыркүйек айында пайдалануға беріледі.

ЕРДЕН ШОРТЫБАЕВ, СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Жұмыс мерзімге сай жүргізіліп жатыр. 10 күн бұрын бастадық. 4 су құбыры орнатылды. Сапа жағынан ешқандай кемшілік жоқ. Қаражат бар, техника мен адамдар жеткілікті. Тамыз айының соңында аяқтаймыз.

Қазіргі таңда Айыртау ауданында облыстық маңызы бар «ЕЛЕНОВКА – АРЫҚБАЛЫҚ-ЧИСТОПОЛЬЕ-ЕСІЛ КМ 17-209» көпірінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатқа 383 млн теңге бөлінген. Облыс әкімі мердігермен сөйлесіп, жұмыс қарқыны мен сапасын бағамдады.

 

“Қызылжар” телеарнасы